Menu HELPDESK

Студенттеріміз Республикалық халық аспаптарында күй орындаушылар байқауында жүлдегер атанды

2021 жылдың 2-4 қараша аралығында Қарағанды қаласында Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы VIII Республикалық халық аспаптарында күй орындаушылар байқауы өтті.

Аталмыш байқауда «Қыл-қобыз» номинациясы бойынша консерваториямыздың 3-курс студенті Әсел Қыдырмұрат 2-орынды еншілеп, лауреат атағына ие болды. Ұстазы: аға оқытушы Айгерім Қарсақбаева. Ал «Қобыз-прима» номинациясы бойынша профессор Меруерт Каленбаеваның шәкірті, 4-курс студенті Айғаным Ихсанова мен аға оқытушы Балжан Жүнісованың шәкірті, 3-курс студенті Нұрайсұлу Талғатова 3-орын лауреаттары атанды. Жеңімпаз студенттерімізді жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!







 

Альбомдарға оралу