Menu HELPDESK

Студенттеріміз «Спорт – денсаулық кепілі» атты футбол жарысына қатысты



Жақында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы шаңырағында білім алып жатқан студенттер 9 мамыр Жеңіс күніне орай өткізілген «Спорт – денсаулық кепілі» атты футболдан оныншы қалааралық жарысқа қатысты.

Теңбіл доп тартысында Алматы, Қызылорда, Семей, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды және Тараз қаласының спортшылары нағыз ойын өрнегін көрсетті.

Жарыста қарсыластарына жақсы тойтарыс берген Алматы қаласының спортшылары бас бәйгені қанжығасына байлап қайтты. Екінші орынды Қарағанды қаласы қоржындап, үшінші орынға Семей қаласы ие болды. Спорттық додада Атырау қаласының спортшысы Нұрсәт Тұрғали «Үздік ойыншы», Алматы қаласының ойыншысы Жанту Дадабаев «Үздік қақпашы» және Ақтөбе қаласының ойыншысы Аян Хайролла «Үздік қорғаушы» аталымдарын жеңіп алып, үздік спортшылар қатарынан көрінді.

Тартыста қанжығалары майланып қайтқан студенттерді шын жүректен құттықтап, толағай табыс тілейміз!



Альбомдарға оралу