Menu HELPDESK

Студенттеріміз «Үздік Студенттер Академиясына» қабылданды

Бүгін ҚР Тәуелсіздік күніне орай Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің студенттері мен магистранттарын қолдау мақсатында, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Алматы қаласындағы Достық үйінде «Тәуелсіз елдің көшбасшы жастары» атты конференция ұйымдастырды.
Конференция барысында «Үздік Студенттер Академиясына» қабылданатын дарынды жастарды марапаттау, сонымен қатар «Жылдың Үздік ұстазы - 2020», «Үздік Жас маман - 2020» және «Қазақстанның Құрметті педагогы» байқауларының жеңімпаздары марапатталды. Шара нәтижесі бойынша «Үздік Студенттер Академиясына» консерваториямыздан Аязбаева Анар, Ерназар Әбдібек, Ильмурадов Самат, Байқожа Камила, Сафиева Жанель, Сагимбаев Абулхаир, Ерланова Анель, Макар Гани, Ерболов Нурлан, Абдулла Ержан, Қазкенов Дастан және Әшімхан Нұрғали қабылданды. Жеңімпаздар құттықтау хат және арнайы төсбелгімен марапатталды.
Әр номинация бойынша жеңімпаздарды консерватория ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаев марапаттады.
Консерватория ұжымы «Үздік Студенттер Академиясына» қабылданған жастарды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді!








Альбомдарға оралу