Menu HELPDESK

Сырлы кеш – «Сыр сезім»



2022 жылғы 21 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы Кіші залында 4-курс студенті Бақыт Мырзабекованың «Сыр сезім» атты жеке концерті мен авторлық кітабының тұсаукесері өтті. Ұстазы – ҚР Мәдениет саласының үздігі Нұргүл Жақыпбек. 


Концерттік бағдарлама бойынша қазақ, шетел композиторларының туындылары және авторлық шығармалар көрермен назарына ұсынылды. Кешке белгілі күйші Секен Тұрысбек, «Кәусар» жетігеншілер ансамблі, Зере Ахметова, Зейнеп Асан, Мұратбек Раманқұлов және Қарлығаш Айтмаханбет қонақ ретінде қатысып, өнерлерін ортаға салды.























Альбомдарға оралу