Menu HELPDESK

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновке «Ағайынды Каричтер» қорының мәдениет және өнер саласындағы сыйлығын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті

Қазақстан Республикасының Сербиядағы Елшілігінде ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновке «Ағайынды Каричтер» қорының мәдениет және өнер саласындағы сыйлығын салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.

Сербия Республикасының Парламенті - Халықтық Скупщина депутаты, «Қазақстан достары клубының» мүшесі Драгомир Карич мырза әлем елдері арасындағы ынтымақтастық, достық, мәдени әрі бауырластық байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Дүйсен Қасейіновке осы атаулы сыйлықты ресми табыстады.

Айта кетейік, Карич қоры жыл сайын бейбітшілік, халықтар арасындағы достықты нығайту; мәдениет пен өнер; экономика және басқа да салалардағы түрлі аталымдар бойынша дүние жүзіне танымал тұлғалардың елеулі еңбегі мен белсенді қызметтерін атап өтеді.

Құрметті Дүйсен Қорабайұлы! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілеп, абыройыңыз асқақтай берсін дегіміз келеді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы аталған марапатыңызбен шын жүректен құттықтайды!





Альбомдарға оралу