Menu HELPDESK

Уфа мемлекеттік өнер институтында өткен байқауда консерватория студенттері жоғары нәтиже көрсетті

2021 жылдың 28-29 қазанында Уфа мемлекеттік өнер институтында (Башқұрстан, Ресей,) Шаляпин залының 165 жылдығына арналған «Романтические миниатюры в Дворянском собрании» атты әртүрлі мамандықтағы музыканттарға арналған фортепиано курсы бойынша халықаралық фестиваль-конкурсы өткен болатын. РФ Мәдениет министрлігі З.Исмагилов атындағы Уфа мемлекеттік өнер институтының «Жалпы фортепиано курсы» кафедрасы ұйымдастырған байқауда консерваториямыздың студенттері жоғары нәтиже көрсетті.

Лауреаттарымыз:

1-дәрежелі лауреат дипломы Шекербек Айым (3-курс, ішекті аспаптар), ұстазы – аға оқытушы Т.О. Жангуттина;

1-дәрежелі лауреат дипломы Есемханова Қаламқас (1-курс, дирижерлеу), ұстазы – аға оқытушы Т.О. Жангуттина;

1-дәрежелі лауреат дипломы Бойко Анастасия (1-курс, вокалдық өнер), ұстазы – аға оқытушы Г.М. Қарағұлова;

    


2-дәрежелі лауреат дипломы Андрейкин Самуил (1-курс, үрмелі аспаптар), ұстазы – доцент Е.И. Шин;

2-дәрежелі лауреат дипломы Арыкбаева Аружан (1-курс, қобыз), ұстазы – доцент Е.И. Шин;

2-дәрежелі лауреат дипломы Құрманқұлова Әмина (1-курс, ішекті аспаптар), ұстазы – доцент Е.И. Шин;

2-дәрежелі лауреат дипломы Нұрлан Жания (1-курс, қобыз), ұстазы – доцент Е.И. Шин.

  

 


«Жалпы фортепиано» кафедрасының ұстаздары: доцент Е.И. Шин, аға оқытушылар, Т.О. Жангуттина мен Г.М. Қарағұлова лауреаттарды дайындағаны үшін алғыс хаттармен марапатталып отыр.

    

Лауреат атанған студенттерімізді және олардың ұстаздарын жеңістерімен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

Альбомдарға оралу