Menu HELPDESK

Валторна сыныбы концерті өтті




2024 жылдың 5 сәуірінде А.Жұбанов атындағы концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының доценті Карибаев Бекмұхамбет Есіркепұлының Валторна сыныбы концерті болып өтті.

Концерттік кеште консерватория студенттерімен қатар К.Байсейітова атындағы РММОМИ және А.Жұбанов атындағы РҚМММИ оқушылары өнер көрсетті.
Фортепиано партиясы – Скрипченко Елена, Қоқыбасова Шынар, Ни Ирина.








Альбомдарға оралу