Menu HELPDESK

Винера Калиеваның интерактивті дәрісі

2024 жылдың 29 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері мен оқытушыларына арналған Винера Калиеваның «Вокалдық психология. Өз өзіңе продюсер» интерактивті дәрісі өтеді.

 

Винера Калиева А. В. Молодов сыныбының түлегі, музыкалық продюсер, “Art Vocal” тобының солисті, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясының вокалдық бөлімшесінің тәлімгері. Дәрісте шығармашылық тұлғаның дүниетанымын талқылау және оны қазіргі заманғы өнер нарығында ілгерілету жоспарлануда.



Альбомдарға оралу