Menu HELPDESK

XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы шымылдығын ашты



2023 жылдың 28 наурызында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ «Өнер» бағытында 11 мамандық (18 номинация) бойынша ҚР БжҒМ XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының шымылдығын ашты.

Олимпиаданың алғашқы күнін «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығының «Баян, аккордеон», «Прима қобыз» және «Аспаптық орындаушылық» мамандығының «Фортепиано» аталымдары бойынша сайыстар бастады.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында жыл сайын «Өнер» бағытында өтетін республикалық пән олимпиадасына биыл 500-ге жуық өтініш келіп түсті. Байқауға Астана, Қарағанды, Ақтау, Қызылорда, Шымкент, Талдықорған, Семей, Павлодар қалаларының жас музыканттары қатысуда.














 



Альбомдарға оралу