Menu HELPDESK

XVI Республикалық кіші олимпиаданың «Фортепиано» номинациясы бойынша нәтижелері шықты


2024 жылдың 27 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерттік залының сахнасында Қазақстан Республикасының мамандандырылған мектептері мен музыкалық колледждерінің студенттері арасында XVI Республикалық кіші пәндік олимпиада өтті. Аталмыш өнер додасына «Фортепиано» номинациясы бойынша еліміздің түкпір-түкпіріндегі музыкалық мектептер мен колледжінде білім алып жатқан жас өнерпаздар қатысып бақ сынады.

Олимпиаданың тыңдау нәтижелерінің қорытындысы бойынша жеңіске қол жеткізген «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер ат. Шығыс Қазақстан өнер училищесі» МКҚК студенті Деревягин Роман I дәрежелі Министрлік дипломымен марапатталса, II дәрежелі Министрлік дипломымен «Қазанғап ат. Қызылорда муз. жоғары колледжі» МКҚК студенті Пернебек Динара мен «А. Жұбанов ат. Ақтөбе муз. колледжі» МКҚК студенті Тлегенов Санжар, ал, үшінші орын тұғырына көтерілген «Тәттімбет ат. Қарағанды өнер колледжі» МКҚК студенті Ахметов Иманбек, «А. Жұбанов ат. Ақтөбе муз. колледжі» МКҚК студенті Орынбасар Аян және «Қазанғап ат. Қызылорда муз. жоғары колледжі» МКҚК білім алушысы Мендиярова Айзере III дәрежелі Министрлік дипломымен марапатталды. Сондай-ақ, жоғары дәрежеде өнер көрсеткен өзге де қатысушылар түрлі номинациялар бойынша Министрлік дипломдарына ие болды.




 

Альбомдарға оралу