Menu HELPDESK

Қырғыз ұлттық консерваториясының ректоры Мұратбек Әкімұлы Бегалиевпен шығармашылық кездесу



Бүгін консерватория қабырғасында композитор, педагог, қоғам және мемлекет қайраткері, Қ. Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерваториясының ректоры Мұратбек Әкімұлы Бегалиевпен шығармашылық кездесу өтті.

Кездесуде Мұратбек Әкімұлы өзі туралы айтып, шығармашылық жоспарларымен бөлісті, сондай-ақ өз туындыларын Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттері мен ұстаздарына тыңдауға мүмкіндік берді. Ол симфония жазғанын және жақында Астанада премьерасы болатыны туралы айтты.

Сонымен қатар, кездесуде қырғыз консерваториясының ректоры жас композиторларға, конкурсқа қатысушыларға партитураларды ресімдеу бойынша құнды ұсыныстар берді.

Кездесуге қатысқан "Музыкатану және композиция" кафедрасының ұстаздары мен студенттері қонаққа түрлі сұрақтар қойып, көптеген қызықты мағлұматтарды білді.








Альбомдарға оралу