Menu HELPDESK

«Жарқыраған өнер бояулары» атты концерті өтті



2023 жылдың 17 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Ф. Шопен атындағы камералық залында  «Вокалдық өнер» кафедрасының ұстазы, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі Аманова Жадыра Қонысбекқызының «Жарқыраған өнер бояулары» атты сыныптық концерті өтті.


Концерттік кеш бағдарламасында Сағитжанұлы Оразғали, Амантұрұлы Нұрбек, Сейілхан Аманбол, Рысбек Асқар, Қияш Бақытжан және Халықаралық байқаулардың лауреттары, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солистері Хамзаев Ислам, Аманбай Нұрғалым, Халықаралық байқаулардың лауреаты, «Астана Опера» театрының солисі Еркінбаев Жандарбек қазақ және шетел композиторларының арияларын, романстары мен әндерін орындады.
















Альбомдарға оралу