Menu HELPDESK

«Аққулы мекен» ән-жыр кеші

26 сәуір
17:00
Камералық зал


Бүгін дәстүрлі өнердің қарашаңырағында «Халық музыкасы» факультетіне қарасты «Халық әні» кафедрасы «Аққулы мекен» атты батыс аймағының ән, жыр кеші өткізді. Мерекелік шара А.Жұбанов атындағы кіші залда өтті.

Концерт барысында Батыс аймақтың сирек орындалатын әндері шырқалып, термелері орындалды. Концерттік баңдарламаны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Жанпейісова жүргізді. Кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова, ҚР Мәдениет саласының үздігі Армат Исламғалиев, ҚР Мәдениет саласының үздігі Эльза Қарабалина, Республикалық байқаулардың лауреаты Күнқожа Қайрулла, Республикалық байқаулардың лауреаты Венера Қаржаубаева, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жанаргүл Сәркенова, сондай-ақ «Халық әні» кафедрасының студенттері қатысты.

Бұрын-соңды шырқалмаған әндер мен жырлар залға жиналған көпшілікті бірден баурап алды. Қалың көрермен Батыс аймақтың ән-жыр өнеріне тәнті болып, әсем әуендерді сүйсіне тыңдады. Жиналғандар бұл кештен жақсы әсер алып қайтты.












вернуться к списку концертов