Menu HELPDESK

«Әсем қоңыр» күйлер жинағының тұсаукесері

27 сәуір
17:00
Кіші зал




Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Халық музыкасы» факультеті Ахмет Жұбанов атындағы концерт залында ұлы күйші Дина Нұрпейісованың «Әсем қоңыр» күйлер жинағының тұсаукесерін өткізді. Кітап жобасына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Карима Сүндетқызы Сахарбаева жетекшілік еткен.

Күйші апамыздың өмір тарихы мен шығармашылығын арқау еткен кітаптың таныстырылым кешінде Дина Нұрпейісованың күйлерінен концерт берілді. Кеште Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Қ. Жұмағали, Ә. Әлина, Д. Нұрбаева, А. Тілепбергенов, Т. Сәденов, Н. Базарбаевалар домбыра шанағынан күй төгілтіп, қуанышты шараға жиналғандардың құлақ құрыштарын қандырды.











вернуться к списку концертов