Menu HELPDESK

Hassak этно-фольклорлық тобының концерті

11 қараша
19:00
Үлкен концерт залы


2022 жылы 11 қараша күні консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Арт-менеджмент» мамандығының 2-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Hassak» этно-фольклорлық тобының концерті өтті.


Концертте студенттік халық аспаптар оркестрі және студенттік аралас хор, сондай-ақ, «Ішекті аспаптар» мамандығының студенті Ақынер Айлин мен «Музыкатану және композиция» кафедрасы дайындық курсының студенті, жастар арасында танымал әнші-композитор Ұшқын Жамалбек өнер көрсетті. «Hassak» тобы өңдеген Төлепберген Тоқжановтың «Құс базары» күйі көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.


Жастар арасында ұлттық музыкалық аспаптарымызға деген қызығушылықтың артуына ықпал етіп, дәстүрлі өнерімізді әлемдік ареналарды кеңінен насихаттап, халықаралық додаларда жеңімпаз атанып жүрген «Hassak» тобына шығармашылық шабыттарың сарқылмасын, әрқашан табысты болыңдар деген тілек білдіреміз.











вернуться к списку концертов