Menu HELPDESK

Республика күніне арналған мерекелік концерт «Жасай бер, Қазақ елі!»

26 қазан
17:00
Үлкен концерт залы



Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында  дәстүрлі өнердің қара шаңырағындағы Республика күнін мерекелеу аясында өткізілген кешенді іс-шаралардың қорытындысы ретінде «Жасай бер, Қазақ елі!» атты Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Шара шымылдығын консерватория ректоры Арман Жүдебаев ашып, өнер-білім ордасының оқытушылары мен студенттерін ұлттық мерекемен құттықтап, «Музыкатану және композиция» кафедрасының меңгерушісі, философия докторы Марлена Тастемірқызы Қойлыбаеваға, «Домбыра» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы Динара Аманкелдіқызы Нұрбайға, «Халық әні» кафедрасының меңгерушісі, философия докторы Амангелді Ұзақбайұлы Күзеубайға, сондай-ақ «Ансамбль өнері» кафедрасының аға оқытушысы Марина Викторовна Ивановаға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерін табыстады.

Мерекелік шара барысында «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының доценті Мұрат Құмарғалиұлы Бисенғалиев жетекшілік ететін консерваторияның үрмелі аспаптар оркестрі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ян Рудковский жетекшілік ететін консерваторияның аралас хоры, Мәдениет саласының үздігі Нұргүл Жақыпбек жетекшілік ететін жетігеншілер ансамблі, Айгерім Қарсақбаева жетекшілік ететін қобызшылар ансамблі, республикалық байқаулардың лауреаттары Олжас Бердисов, Арыстан Әбілдин және Жасұлан Ақберген өнер көрсетті. Олар қазақ, орыс және шетелдік композиторлардың туындыларын жоғары деңгейде орындап, көпшіліктің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді. Аталмыш концерт жиналған көпшілікке естен кетпес әсер сыйлап, көрермендер көтеріңкі көңіл күйде тарқасты.

































вернуться к списку концертов