Menu HELPDESK

Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы

Ғылыми-шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректор



Қабылдау бөлімінің телефоны: +7 (727) 261 63 64

Өнертану ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ БҒСБК қауымдастырылған профессоры. 



Қазақстан Республикасының жас, дарынды ғалымдарына арналған мемлекеттік шәкіртақының иегері (2000ж). Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын "музыкатану" мамандығы бойынша тәмамдап, М.Әуезов атындағы Өнер және әдебиет институтында аспирантурада оқыған. Музыкалық өнер бөлімі. Жетекшісі - профессор, өнертану ғылымдарының кандидаты Кетегенова Н.С. 


1998 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясындағы қызметін "Тарих-теория" факультетінің гармония және сольфеджио кафедрасында оқытушы болудан бастады. 2001 жылдан аға оқытушы болды. Ал 2006 жылы музыкатану, композиция және арт-менеджмент кафедраларының доценті. 2009 және 2011 жылдары музыкантану және менеджмент факультеті деканының орынбасары. 2011-2013 жылдары сол факультетте декан.  


2013 жылдың 1 тамызы мен 2014 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры болды. Қазіргі күні музыкатану және композиция кафедрасында ҚР БҒМ БҒСБК қауымдастырылған профессоры. 


2018 жылдың шілдесінен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Ғылыми-шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректор.