Menu HELPDESK

Халық әні

7М02104 – Дәстүрлі музыка өнері білім беру бағдарламасы мамандықтары бойынша талапкерлерге арналған онлайн түсу емтихандарының талаптары:

(ғылыми-педагогикалық, профильдік магистратура)

 

Мамандандыру: Халық әні.

 

Халық әні:

1. Халық композиторларынан бес ән.

2. Бір халық әні.

3. Өзге аймақтық дәстүрлерден екі әні (салт-дәстүр Арқа, Батыс, Жетісу,Сыр).

4. Қазақстан композиторларынан бір ән.

5.Бұрын-соңды орындалмаған бір халық әні, немесе бір ән халық композиторларынан болуы тиіс.                                

 

 

Коллоквиум:

1.     Арқа әншілік мектебінің ірі өкілі Біржан салдың шығармашылығы және оның әндерінінің құрылымы.

2.     Қазақ әндерін зерттеген өнертанушы ғалымдардың еңбектері.

3.     Жетісу өлкесінде қалыптасқан жыршылық дәстүр.

4.     Әншілік өнерді зерттеуші бүгінгі өнертанушы-ғалымдар.  

5.     Ақан сері Қорамсаұлының шығармашылығы және әндерін жеткізушілер.

6.     Танымдық және ғылыми мақалалардың айырмашылығы жайлы не білесіз.

7.     Абай Құнанбайұлының шығармашылығы, әндерінің формасы және жаңашылдығы.

8.     Әншілік, жыршылық өнердегі сал-сері, сүлей, қайқы сөздерін түсіндіріңіз.

9.     Балуан Шолақ, Жаяу Мұса,Үкілі Ыбырай, Мәди шығармашылығы және әндерінің орындаушылық ерекшеліктері.

10. Эпос пен жыр-толғаулардың айырмашылығын түсіндіріңіз және мысал келтіріңіз.

11. Әсет Найманбаев шығармашылығы, әндерінің орындаушылық ерекшелігі.

12. Қисса-дастандардың мазмұны мен маңызы. Мысал келтіріңіз. 

13. Сырнаймен ән орындауда өзіндік мектеп қалыптастырған Майра  Уәлиқызының шығармашылығы.

14. Әнші Әміре Қашаубаевтың орындаушылық өнері.

15. Сыр өңірінің жыршылық дәстүрі. Арал, Қармақшы, Нартай жыр мектептерінің кешегі және бүгінгі өкілдері.

16. Сыр бойы жыраулық мектебіндегі «маңырама» мен «гөй-гөй» жайлы не білесіз?! 

17. Батыс Қазақстан және Маңғыстау өңірінің жыршы-жыраулары.

18. Қапез Байғабылұлы, Қалқа Жапсарбаев, Пішән, Сәдіқожа шығармашылығы.

19. Әнші, композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің шығармашылығы және әншілік мектебі.

20. Маңғыстау әншілік мектебі. «Жеті қайқы» әндерінің ерекшеліктері.

 

1.     МАМАНДЫҚ БОЙЫНША (ОНЛАЙН) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ

1. Орындаушы берілген талаптар бойынша бағдарламасының видео нұсқасын  (монтаждалмаған, қосалқы оранжировка жасалмаған, қосымша аудио желісі қолданылмаған) You Tube арнасына жүктеп,  1ссылкамен WhatsApp арқылы техникалық хатшыға мына (87013282713) телефон нөміріне жіберу қажет (ортақ чат ашылады). Видеотүсірілім түсіру барысында өшіріп, қайта қосуға тиым салынады.

2. Жазбасына (описание) талапкердің аты-жөні, оқу-орны, телефон нөмірі, бағдарламасы толық жазылу керек.

3. Емтихан құжат тапсырған реттік нөмірі арқылы қабылданады.

4.Коллоквиум сұрақтары және талапкерлерді бағалау ZOOM, Google meet платформасы арқылы талқыланып, ортақ балы жауапты хатшыға жіберіледі.

 

ВИДЕО НҰСҚА БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ

1.Орындаушының отырысы, яғни, оң, сол қолдары, бет-әлпеті анық көрініп тұруы абзал. Аспабы, видео нұсқа сапасының жақсы, анық болғаны маңызды. Киім үлгісі емтихан талаптарына сәйкес болуы керек.

 

 

Комиссия сапасыз бейнежазбадан бас тартуға құқылы.

 

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Мамандық бойынша шығармашылық емтиханның ең жоғарғы бағасы  35 баллды құрайды. Ең төменгі өту балы – 9.

27-35 балл (өте жақсы)

17-26 балл (жақсы)

9-16 балл (қанағаттанарлық)

0-8 балл (қанағаттанарлық емес)