Menu HELPDESK

Біліктілікті жоғарылату және қосымша білім беру бөлімі

Телефон: +7 (727) 338 45 14                                                                          

Электронды пошта: сonservatory.pk@mail.ru


КОНСЕРВАТОРИЯ БАЗАСЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ


«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» біліктілікті жоғарылату курстарына келесі бағдарламалар бойынша тыңдаушыларды қабылдайды:

 

· «Авторлық курс» бағдарламасы (мамандықты оқыту әдістемесі) - 72 сағат (10 күн) - 

(Құрманғазы ат. ҚҰК педагогтарының Авторлық курстарының тақырыптары)

- 48 750 тг (жеке)

- 24 375 тг (тыңдаушылар тобында – 3 адамнан кем емес)

· «Мамандық» бағдарламасы 180 сағат (30 күн) - 118 625 тг;

· «Тағылымдама» бағдарламасы 120 сағат (1 жыл) - 313 625 тг;

· «Көшпелі шеберлік-сыныбы» бағдарламасы 36 сағат (3 күн) – 18 500тг.

 

Сондай-ақ арнайы онлайн-курс өткізеді:

· «Онлайн оқыту: мүмкіндіктер және практикалық қолдану» 72 сағат бұл курс PLATONUS-пен жұмыс істеу (тапсырмаларды, оқу кейстерін және тестілерді жүктеу), электрондық кітаптар мен онлайн-лекцияларды әзірлеу, оның ішінде музыкалық-теориялық және музыкалық-тарихи мәселелер бойынша тақырыптарды қамтиды.

Курс жүргізушілері:

- Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент - Ш.А.Аманжолова;

- Аға оқытушы, өнертану кандидаты - В.Е.Недлина;

- Аға оқытушы, магистр - К.К.Матжанова.

 

Тыңдаушылар контингенті:

- өнер және мәдениет саласындағы жоғары және орта кәсіптік білім беру, қосымша білім беру мекемелерінің оқытушылары, басшылары;

- мәдениет және өнер саласында білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалпы білім беретін мекемелердің педагог қызметкерлері;

- тиісті бағдарлама бойынша біліктілікті арттыруға қажеттілігі бар білім беру және мәдениет жүйесінің өзге де мамандары.

Қосымша кәсіптік бағдарламалар бойынша оқыту оқуға қабылданатын тыңдаушының оқуына ақы төлеуді міндеттейтін жеке немесе заңды тұлғамен жасалатын шарт негізінде жүзеге асырылады. Өтінім негізінде шақырулар жіберіледі (оф-лайн оқыту кезінде), шоттар беріледі және шарттар ресімделеді.

 

Рәсімдеу тәртібі:

Оқуға түсушілер құжаттар түпнұсқаларының сканерленген көшірмелерін сonservatory.pk@mail.ru электрондық поштасына жібереді

1.     Жеке куәлігі (1ші, 2ші жағын)

2.     Білімі туралы дипломдар

3.     Тегін өзгерту туралы құжат (жеке куәлік пен дипломдағы деректер айырмашылығы болған жағдайда);

4.     Тыңдаушының аты-жөні, Лауазымы, Оқу мерзімі, байланыс деректері, оқу формасы, сондай-ақ ұйымның мекен-жайы мен банктік деректемелері көрсетілген, өз ұйымы басшысының қолы қойылған, оқуға түсуші толтырған және қол қойған өтінім Өтінім (толтыру үлгісі). Содан кейін электрондық пошта арқылы түсушілерге Шарт пен төлем деректемелері жіберіледі.

Төлем төмендегідей жасалуы мүмкін:

·  жеке тұлға онымен екіжақты шарт жасасқаннан кейін Каспий банкі арқылы консерваторияның есеп шотына қаражатты аудару жолымен;

·  заңды тұлға қолма-қол ақшасыз есеп айырысу формасында, ол үшін консерваториямен шарт жасасу қажет, оның негізінде шот ұсынылады (шарттың қол қойылған және тиісті түрде ресімделген данасын тыңдаушы түпкілікті ресімдеу үшін келген кезде ұсынады не болмаса оны онлайн оқыту кезінде жібереді).

Төлем туралы мәлімет (төлем көшірмесі) сonservatory.pk@mail.ru

адресіне жіберілсін.

5.     Шартты басып шығару, толтыру, қол қою және кері жіберу қажет.

Барлық құжаттар жиналғаннан кейін төлем жүргізіледі, Шарт жасалады, онлайн оқытуға қол жеткізу үшін курс жетекшілерінің кілттері мен парольдері жіберіледі.

 

БА бойынша оқу бағдарламасын орындаған және емтиханды сәтті тапсырған тыңдаушыларға емтихан хаттамасының негізінде курстан өткені туралы белгіленген үлгідегі Сертификат беріледі.

 

Назар аударыңыз! 

Электронды және пошталық адрестер қатесіз көрсетілуі керек! 

Біліктілікті арттырудың қосымша кәсіби бағдарламалары бойынша оқу мерзімі әр түрлі болуы мүмкін...


Біліктілікті жоғарылату бағдарламалары жөніндегі мамандар:

Бөлім менеджері: Ақерке Бақытқызы Құрманбаева, телефон: +7 747 832 42 92; 

БЖҚБ бөлім басшысы - Жанат Төлегенқызы Айнақұлова, телефон: +7 702 107 1757


Балалар мен ересектерге арналған музыкалық курстар

Егер сіз балаңызды терең, сезімтал, интеллигентті адам ретінде тәрбиелегіңіз келсе немесе бала кездегі өзіңіздің аспапта ойнауды немесе ән айтуды үйрену арманыңызды жүзеге асырмасаңыз, онда музыкамен танысу үшін дәл сол жерде - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына, балалар мен ересектерге арналған музыкалық курстарға келіңіз. Сізге әлемдік музыкалық мәдениеттің бай мұрасымен тікелей танысудың бірегей мүмкіндігі пайда болады. Сіздерді қызықты іс-шаралар күтеді: концерттер, конкурстар, кездесулер…
     Консерваторияда оқу жылы бойы барлық мамандықтар бойынша және жасы бойынша шектеусіз балалар мен ересектерге арналған музыкалық курстар тұрақты жұмыс істейді.
Курстардың оқу жоспарлары БММ және БӨМ-ге арналған үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленген және оқытылатын пәндер саны бойынша айырмашылықтары бар үш кешенді қамтиды:
1. Музыкалық кешен: мамандық, сольфеджио, музыкалық әдебиет, хор;
2. Жалпы кешен (жалпы-эстетикалық): мамандық, сольфеджио, музыкалық әдебиет, хор, бейнелеу өнері, актерлік шеберлік;
3. Мамандық – мысалы, тек вокал.
· Балалар – қабылдау 6 жастан басталады (оқыту мерзімі 5-7 жыл);
· Жасөспірімдер – «Жасөспірімдер мен жастарға арналған курс» (оқу мерзімі 3 жыл);
· Ересектер - «Ересектерге арналған курс» (жасы мен оқу мерзімі бойынша шектеусіз).
  Сабақтарды консерваторияның үздік мамандары мен қаланың мамандандырылған музыкалық мекемелерінің педагогтары өткізеді.
Біздің оқушылар жыл сайын әр түрлі қалалық, республикалық және халықаралық музыкалық конкурстардың лауреаттары атанады, ал түлектер музыкалық колледждерге және шығармашылық бағыттағы жоғары оқу орындарына түседі.   

Анықтама телефондары: 
Бөлім басшысы:  Айнақұлова Жанат Төлегенқызы, телефон: +7 702 107 17 57
Бөлім менеджері: Төлегенова Гүлнұр Қайыртайқызы, телефон: +7 708 110 20 98