Menu HELPDESK

Қобыз және баян

7М02104 – Дәстүрлі музыка өнері білім беру бағдарламасы мамандықтары бойынша талапкерлерге арналған онлайн түсу емтихандарының талаптары:

(ғылыми-педагогикалық, профильдік магистратура)

 

Халық аспаптары: Прима қобыз, қыл қобыз, баян, аккордеон

 

Қыл кобыз:

1.   Күрделі формадағы шығарма (Соната немесе концерттің бір бөлімі)

2.   Қазақстан композиторларының бір шығармасы фортепиано сүйемелдеуімен

3.   Қыл қобызға арналған 3 күй

 

Прима қобыз:

1.   Күрделі формадағы шығарма  (Концерттің бір бөлімі)

2.   Шетел композиторларының бір шығармасы

3.   Қазақстан композиторларының бір шығармасы

 

 

                                                  Баян, аккордеон:

1.   Полифония

2.   Күрделі формадағы шығарма  (1 бөлім немесе 2,3 бөлім)

3.   Қазақстан композиторының шығармасы немесе баянға өңделген халық музыкасы.

 

Коллоквиум:

1.       Құрманғазы атындағы ҚҰК тарихы туралы (нешінші жылы ашылды, алғашқы және кейінгі ректорлары)

2.       Қобыз және баян кафедрасының тарихы

3.       Методика пәнінің мақсаты мен міндеттері

4.       Нотаны парақтап оқудың мақсаты мен әдістері

5.       Есту, есте сақтау, зейін және оның түрлері

6.       Техникалық шеберлікті дамыту жолдары

7.       Методика және педагогика пәндерінің байланысы

8.       Штрихтармен жұмыс істеуге әдістемелік ұсыныстар

9.       Артикуляция, интонация, вибрациямен жұмыс істеудің әдістемелік прициптері

10.   Оң және сол қол техникасын жетілдіру жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар

11.   Заманауи аворлардың (қыл қобызға, прима қобызға, баянға, аккордеонға арналған) әдістемелік жұмыстары

12.   Музыкант ұстаздың қалыптасуының алғышарттары

13.   Музыкалық шығармаларды үйрену процессінің негізгі міндеттері

14.   Орындаушылық шеберлікті жетілдірудегі гамма, этюдтердің маңызы және олармен жұмыс істеу әдістері

15.   Қазақстанның аспаптық халық музыкасының әйгілі орындаушылары туралы.

16.   Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрі, және оның негізін қалаушысының шығармашылық портреті.

17.   Мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің алғашқы шығармашылық жетекшісі және дирижерының шығармашылық өмірбаяны.

18.   Профессор Б.Ш.Сарыбаевтың қызметінің ғылыми-практикалық рөлі

19.   Мамандық бойынша сыныптағы өзбетінше дайындалудың жүйесінің жалпы принциптері

20.   Орындалған күрделі формадағы шығарманың орындаушылық-әдістемелік талдауы

21.   Классикалық шығармаларды орындау ерекшеліктері

22.   Домбыра күйлерін аспапқа лайықтау принциптері

23.   Аспапта ойнау шеберлігін жетілдіру тәсілдері

24.   Орындаушының көркемдік талабын қалыптастырудағы рухани мәдениетті дамыту жолдары.

25.   Қазақтың музыкалық аспаптары

 

 

 

1.     МАМАНДЫҚ БОЙЫНША (ОНЛАЙН) ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫ

1. Орындаушы берілген талаптар бойынша бағдарламасының видео нұсқасын  (монтаждалмаған, қосалқы оранжировка жасалмаған, қосымша аудио желісі қолданылмаған) You Tube арнасына жүктеп,  1ссылкамен WhatsApp арқылы техникалық хатшыға мына (87013282713) телефон нөміріне жіберу қажет (ортақ чат ашылады). Видеотүсірілім түсіру барысында өшіріп, қайта қосуға тиым салынады.

2. Жазбасына (описание) талапкердің аты-жөні, оқу-орны, телефон нөмірі, концертмейстердің аты-жөні, орындайтын шығарманың атын жазып қою маңызды.

3. Құжат тапсырған реттік нөмірі арқылы қабылданады.

4.Коллоквиум сұрақтары және талапкерлерді бағалау ZOOM, Google meet платформасы арқылы талқыланып, ортақ балы жауапты хатшыға жіберіледі.

 

ВИДЕО НҰСҚА БОЙЫНША ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ

1.Орындаушының отырысы, яғни, оң, сол қолдары, бет-әлпеті анық көрініп тұруы абзал. Аспабы, видео нұсқа сапасының жақсы, анық болғаны маңызды. Киім үлгісі емтихан талаптарына сәйкес болуы керек

2. Концертмейстердің жіберген шығарманың аудио нұсқасына қосылып ойнау қажет (өз тарапынан концертмейстер болса қосылып ойнауға болады).

 

 

 

Комиссия сапасыз бейнежазбадан бас тартуға құқылы.

 

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Мамандық бойынша шығармашылық емтиханның ең жоғарғы бағасы  35 баллды құрайды. Ең төменгі өту балы – 9.

27-35 балл (өте жақсы)

17-26 балл (жақсы)

9-16 балл (қанағаттанарлық)

0-8 балл (қанағаттанарлық емес)