Menu HELPDESK

Вокалдық өнер

7М02103 – ВОКАЛДЫҚ ӨНЕР 

мамандығы бойынша магистратураға тапсырушыларға арналған емтихан талаптары 

  

І. КЕШЕНДІ ТЕСТIЛЕУ 

1. Шет тілі бойынша тест (таңдау бойынша- ағылшын, неміс, француз тілдері).  

2. Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест (таңдау бойынша – қазақ немесе орыс тілдері). 

  

  

          

ІІ. МАМАНДЫҚТАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН 

Жеке бағдарлама талапкердің орындаушылық құзіреттілігін аша түсуі керек. Жеке бағдарламаның орындалу ұзақтығы 20-25 минут. 

  

Бағдарлама: 

 «Опералық ән салу» мамандандырылуы 

1.    көне ария; 

2.    шетел композиторларыны операсынан ария; 

3.    орыс композиторлары операсынан ария; 

4.    Қазақстан композиторлары операсынан ария; 
 
 
 
 
«Камералық ән салу» мамандандырылуы 

1. көне ария; 

2. шетел, орыс, Қазақстан композиторларының камералық-вокалдық циклының бөлімі; 
 
 
 
КОЛЛОКВИУМ   
 
Коллоквиум талапкерлердің жалпы мәдени деңгейін, олардың эстетикалық көзқарастарын, музыкалық өнер саласында білімдарлығын, музыка тарихының негізгі кезеңдері мен даму заңдылықтары, мамандыққа қатысты әдебиеттерді, музыкалық терминология бойынша білімін, орындалатын шығармалардың мазмұны, құрылымы мен стильдік ерекшеліктері бойынша түсінігін анықтайды.   
 
Коллоквиумге арналған сұрақтар: 

1. Дауыстың түрін анықтау және оның дауыс қою процесіндегі маңызы 

2. Әнші дауысының  қалыптасуындағы тыныс алудың рөлі, дем алу және дем шығару, тыныс алудың түрлері 

3. Ән айтудағы көмейдің жұмысы, ән айтудағы көмейдің орналасуы. 

4. Вокал ұстазының  міндеттері және оған қойылатын талаптар. 

5. Жүйке жүйесінің типтік белгілері және оның әншінің қалыптасуындағы рөлі. 

6. Резонатор. Ән айту кезіндегі резонансты сезінудің мәні. 

7.  Ән айтуды үйретудің  принциптері. 

8.  Ән айтудағы және сөйлеудегі вокалды аппараттың жұмысы. 

9. Дыбыстың «тірегі» және тыныс алудың «тірегі» түсінігі. 

10.                     «Бастапқы» тон дегеніміз не? Әр түрлі дауыстар үшін диапазонның қандай бөлігінде кездеседі?   

11.                    «Жабық» дыбыс процесі.  

12.                    Дауыс кемшіліктері және олардың пайда болуы.   

13.                    Сөйлеудегі және ән айтудағы дауысты дыбыстар.  

14.                    Регистр туралы түсінік. Дауыстың  түрлері үшін регистрлік дауыстың сыну орны.  

15.                    Ән айту кезінде қөмей мен ауыз қуысы жолдары құрылымының ерекшеліктері.  

16.                    Ән айтудағы дауыстың «жоғары позициясы» анықтамасы. Оған жету жолдары   

17.                    Вокалдық  есту қабілетінің рөлі мен дамуы.  

18.                    «Орташа» және «аралас» анықтамаларының айырмашылығы неде?  

19.                    Әншіні тәрбиелеудің фонетикалық әдісі.  

20.                    Дауыс педагогикасының негізгі принциптері.  

21.                    Вокализация түрлері (кантилена, еркін, филировка, триль).  

22.                    Қазіргі кезеңдегі мұғалімге - вокалистке қойылатын талаптар. 

23.                    Қазақстандағы вокалдық мектептің қалыптасуы мен дамуы 

24.                     Қазақ вокал өнерінің негізін қалаушылар 

25.                     Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның вокалды өнері 

  

  

Мамандық бойынша шығармашылық емтиханның ең жоғары көрсеткіші  35-баллдық жүйеде бағаланады. Ең төменгі өту балы – 9.

«27-35 балл»(Өте жақсы баға):  

Талапкер өзінің жарқын музыкалық, орындаушылық қабілетінің жоғары деңгейін, музыкалық стильді сезінуін, орындаушылық үндесуінің мәдениетін көрсете білу керек. 

«17-26 балл» (Жақсы баға): 

Талапкер авторлық мәтінді стилистикалық тұрғыда нақты орындайды. Бірақ, техникалық мүмкіншілігін көрсете алмайды. Орындаушылығының сапасы мен әртүрлілігінде айырмашылығы жоқ. 

«9-16 балл» (Қанағаттанарлық баға): 

Орындайтын шығармалардың стилистикасы мен мазмұнына түсінігі аздау, музыканың бейнелеуші құралдарын (интонация, есту қабілеті, фразировка, ритм) жеткіліксіз пайладануы.  

«0-8 балл» (Қанағаттанарлықсыз баға): 

Ритмикалық еркін, техникалық және көркемдік дыбыс тазалығын нашар қолдануы; бағдарлама деңгейінің емтихан талаптарына сәйкес келмеуі. 

  

ІІІ. РЕФЕРАТ ҚОРҒАУ 

Ұсынылатын рефератқа қойылатын талаптар: 

1. Реферат тақырыбы мен мазмұны мамандық бейініне сәйкес болуы керек; 

2. Реферат қазақ немесе орыс тілдерінде орындалады; 

3. Рефератта көрсетілуі тиіс  ақпарат: 

– ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізудің негіздемесі, тақырыптың өзектілігі мен жаңалығы; 

        – зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттерінің тұжырымы; 

        – соңғы жарияланымдар мен зерттеулердің талдауы, мәселенің шешілмеген бөлігі; 

– зерттеудің қорытынды нәтижесі, практикалық маңыздылығы.  

4. Рефератқа шығу деректері көрсетілген пайдаланылған әдебиеттер тізімі қоса берілуі керек (атауы, жарық көрген жері мен жылы, жалпы көлемі); 

5. Рефераттың сілтемелік материалы ғылыми жұмыс нормаларына сәйкес рәсімделеді (сілтеменің әдебиет көзі мен бет нөмірі міндетті түрде көрсетілуі керек); 

6. Сілтемелік материал реферат мәтіні көлемінің 20%  аспауы керек; 

7. Ноталық мысалдар (егер де болса) рефератқа қосымша ретінде тіркеліп, рефераттың негізгі мәтінінің беттемесіне қосылмайды;  

8. Реферат көлемі 15 беттен кем болмауы керек; 

9. Мәтін  интервалы – 1,   шеттері: сол жағы – 30 мм., оң жағы – 10 мм,, жоғарғы және төменгі – 20 мм. сақтап жазылуы керек. Беттеу араб сандарымен қойылып, номерлеу әрбір параққа қойылады. Бет нөмері  парақтың төменгі оң жағына қойылады (бірінші беттен басқа). 

  

Рефератты қорғау кезінде зерттеу тақырыбына байланысты музыка теориясы, тарихы, музыкалық фольклор және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі бойынша сұрақтар қойылуы мүмкін.  

  

Реферат қорғаудағы ең жоғары баға – 35 балл. Ең төменгі өту балы – 9.

27-35 балл (өте жақсы):   

Талапкер өзекті мәселелерді ұсына білу керек, өзінің жан-жақты білімдарлығын, аналитикалық ой-өрісін, ғылыми аппаратқа ие болу, мәселені шешу жолдарын таба білу. 

17-26 балл (жақсы)

Талапкер мақсаты мен міндетін жақсы тұжырымдайды, ғылыми-зерттеудің негізгі ережелерін логикалық тұрғыда жеткізе біледі. Бірақ, қарастырылатын сұрақтың теориялық, тарихи және әдіснамалық мәселелері бойынша білім деңгейінің жеткіліксіз болуы. 

9-16 балл (қанағаттанарлық)

Зерттеу мәселелерінің түпкі түсінігінің төмен болуы, ғылыми тілдің жазба дағдыларын қолдануының аздығы, жұмыстың өзектілігін дәлелдей алмауы. 

0-8 балл (қанағаттанарлықсыз)

Зерттеудің практикалық маңыздылығының болмауы, көлемі аз (10-нан кем бет), ғылыми тілді қолданудың аздығы, тақырыбы мамандықтың бейініне сәйкес келмеуі. 

  

Үміткер арнаны YOUTUBE ресурсының онлайны арқылы жасайды, онда бейнені арнаға жүктеу кезінде сипаттамада тегін, атын көрсетеді, сондай-ақ барлық орындалатын бағдарламаны атап көрсетеді. 

Бейнеге қол жеткізу: "сілтеме бойынша қол жеткізу" жазуының жанында қанат белгісін қою. 

Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы: 

Өнертану ғылымдарының магистрі, 

"Дирижерлау" кафедрасының оқытушысы», 

Макеев Богдан Мугумович; 

E-mail: makes-dan@yandex.ru 

Сот.:8(701)785-60-19