Menu HELPDESK

МАХМУД ДИАНА ЕРБОЛАТҚЫЗЫ (PHD) ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯ ҚОРҒАУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Махмуд Диана Ерболатқызы қорғауы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және cпорт министрлігінің Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының философия докторының (PhD) дәрежесiн беру жөніндегі докторлық диссертацияларды қорғау бойынша 6D040100 – Музыкатану, 6D042300 – Арт-менеджмент, 6D040500 – Дирижерлеу, 6D040200 – Аспапта орындаушылық, 6D040400 – Традициялық музыкалық өнері мамандықтары, Диссертациялық кеңесі 6D040200 – Аспапта орындаушылық мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесiн алуға байланысты «ХХ-ХХІ ғасырлар аралығындағы Қазақстанның ішекті-ысқышты аспаптық орындаушылық өнері: стиль мәселелері» («Струнно-смычковое исполнительство Казахстана на рубеже ХХ-ХХI веков: проблемы стиля») тақырыбында жазылған Махмуд Диана Ерболатовнаның диссертациялық жұмысы қорғалатынын хабардар етеді. Диссертациялық жұмыс орыс тілінде жазылған, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Ішекті аспаптар» кафедрасында дайындалған.

 

Ғылыми кеңесшілер:

1. Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы – өнертану кандидаты, Диссертациялық Кеңестің төрағасының орынбасары, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті.

2. Славомира Жераньска-Коминек – Doctor hability, Варшава университеті тарих факультеті музыкология институтының профессоры (Польша).

 

Ресми рецензенттер:

1. Карелина Екатерина Константиновна – өнертану докторы, М. И. Глинка атындағы Новосибирск мемлекеттік консерваторияның «Музыкалық білім беру және ағарту» кафедрасының доценті (Ресей).

2. Жұмабекова Дана Жүнісбекқызы – өнертану докторы, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Ішекті аспаптар» кафедрасының меңгерушісі, профессоры (Қазақстан, Астана қ.).

Диссертациялық қорғау Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының (Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 86) Конференц-залында (103 бөлмесі), 2018 жылдың 12-ші қарашасында, сағат 14:00 өтеді.