Menu HELPDESK

Медеубек Мақсат Сағатбекұлының докторлық диссертациясын қорғауы туралы

(PHD) ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯ ҚОРҒАУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Медеубек Максат Сагатбекулы қорғауы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және cпорт министрлігінің Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының философия докторының (PhD) дәрежесiн беру жөніндегі докторлық диссертацияларды қорғау бойынша 6D040100 – Музыкатану, 6D041100 – Композиция, 6D042300 – Арт-менеджмент, 6D040500 – Дирижерлеу, 6D040200 – Аспапта орындаушылық, 6D040400 – Дәстүрлі музыка өнері мамандықтары, Диссертациялық кеңесі 6D040400 – Дәстүрлі музыка өнері мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесiн алуға байланысты «Қазақ қылқобызы және Орталық Азия түркі халықтарының музыка мәдениетіндегі типологиялық туыстас аспаптар» тақырыбында жазылған Медеубек Максат Сагатбекулының диссертациялық жұмысы қорғалатынын хабардар етеді.

Диссертациялық жұмыс қазақ тілінде жазылған, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Қобыз баян» кафедрасында дайындалған.

 

Ғылыми кеңесшілер:

1.                Утегалиева Сауле Исхаковна өнертану ғылымдарының докторы, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

2.                Макаров Геннадий Михайлович – өнертану ғылымдарының кандидаты, Н.Г. Жиганов атындағы Қазан мемлекеттік консерваториясының татар музыкасы және этномузыкология кафедрасының доценті.

 

Ресми рецензенттер:

1. Субаналиев Сагыналы өнертану ғылымдарының кандидаты, Кырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, профессор, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының А.Алтмышбаев атындағы философия, құқық және әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері (Бишкек КР).

2. Ергалиева Айгуль Темирбулатовна өнертану ғылымдарының кандидаты, ҚР композиторлар Одағының мүшесі, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің доценті (Орал, Қазақстан).

 

Диссертациялық қорғау С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің (Алматы қ., Толе би көш., 92, Ректорат (ауд. 118), 2021 жылдың 03-ші маусымда, сағат 14:00 Құрманғазы атындағы ҚҰК, ресми You Tube парақшасында, тікелей эфирде өтеді.

Сілтеме: https://www.youtube.com/channel/UCkiaseppH_8qDaJOMr1XHRw

 

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелеріңінің құрамы:

1. Аязбекова Сабина Шариповна – «М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалы» әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы, өнертану ғылымдарының кандидаты, ғылым және жоғары білім академиясының академигі (IASHE, Ұлыбритания, Лондон), Ресей жаратылыстану академиясының академигі (РСФСР, Мәскеу).

2. Әбдірахман Гүлнар Бақытқызы – «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, музыкатану және композиция кафедрасының профессоры, өнертану ғылымдарының кандидаты.

3. Кузеубай Аманкелды Узакбайулы – халық әні кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы, (РhD) 6D041600 – өнертану мамандығы бойынша философия докторы.

4. Малдыбаева Раушан Сабиржановна – «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ музыкатану және композиция кафедрасының профессоры, өнертану ғылымдарының кандидаты.

5. Касимова Зульфия Маликовна – «Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РММ Музыкалық өнер факультетінің деканы, эстрадалық вокал кафедрасының оқытушы, өнертану ғылымдарының кандидаты.