Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы студенттері Н.Тлендиев атындағы мемориалдық мұражайға экскурсияға қатысты

2025 жылдың  25 ақпанында әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты қызметі,  әлеуметтік қолдауды қажет ететін консерватория студенттеріне Нұрғиса Тілендиев атындағы мемориалдық мұражайға экскурсия ұйымдастырды.

Іс-шара жастарды мәдени мұрамен таныстыруға және қазақ музыкасының тарихына деген қызығушылықты дамытуға бағытталған. Экскурсия барысында студенттер көрнекті композитордың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтармен танысты. Мұражай экспозициясы қатысушыларға сирек кездесетін артефактілерді ұсынды: маэстроның жеке заттары, бірегей фотосуреттер, оның шығармаларының қолжазбалары және т. б. Экскурсия білім алушыларға қызығушылық тудырдыра отырып ұлттық мәдениетке олардың тереңірек енуге мүмкіндік беретін маңызды оқиғаға айналды.

 
Альбомдарға оралу