Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қаржылық сауаттылық бойынша кураторлық сағат өтті
19 ақпан 2025
2025 жылдың 19 ақпаны күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында қаржылық сауаттылық тақырыбына арналған кураторлық сағат өтті.
Іс-шараны студенттердің қаржылық хабардарлығын арттыру мақсатында әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты қызметі ұйымдастырды. Арнацы шақырылған спикер ретінде "Отбасы Банк" АҚ жобалық басқармасының менеджері Ақболат Қайырұлы Рымтаев студенттерге жеке қаржыны тиімді басқару принциптері, бюджетті жоспарлаудың маңыздылығы, сондай-ақ қазіргі заманғы үнемдеу және инвестициялау мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі ақпараттар берді.
Студенттер болашақта өз қаржысын сауатты басқаруға көмектесетін құнды білім мен ұсыныстар алды. Кездесу қарым-қатынас форматында өтіп, қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, қаржымен байланысты өзекті тақырыптарды талқылады.
Мұндай іс-шаралар жастар арасында қаржылық мәдениеттің дамуына ықпал етеді, оларға негізделген қаржылық шешімдер қабылдауға және жеке бюджетке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға көмектеседі.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024