Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында студенттік белсенділермен және клуб жетекшілерімен кездесу өтті
14 ақпан 2025
2024 жылғы 14 ақпанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында белсенділермен, студенттік клубтардың мүшелерімен және төрағаларымен кездесу өтті.
Іс-шара студенттік қызметті дамытуға, сондай-ақ 2024-2025 оқу жылының екінші жартыжылдығына клубтардың жұмысын жоспарлауға қатысты негізгі мәселелерді талқылауға бағытталған.
Кездесу барысында іс-шараларды ұйымдастырудың, студенттік бірлестіктердің қызметін жетілдірудің, білім алушылардың шығармашылық және қоғамдық бастамаларға қатысу деңгейін арттырудың өзекті мәселелері қозғалды. Кездесуге қатысушылар туындаған мәселелерді шешудің ықтимал жолдарын талқылады және студенттердің оқудан тыс өмірін одан әрі дамытудың стратегиялық бағыттарын анықталды.
Консерваторияның әлеуметтік-тәрбие және жастар саяаты қызметі студенттердің бастамаларына қолдау білдіріп, жастардың мәдени, білім беру және әлеуметтік жобаларға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Студенттік клубтар шығармашылық ортаны қалыптастыруда және студенттердің көшбасшылық қасиеттерін дамытуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша студенттік бірлестіктер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар іс-шараларды өткізу, сондай-ақ білім алушылардың кәсіби және жеке өсуіне ықпал ететін бастамаларды іске асыру туралы шешімдер қабылданды.
Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024