Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шараға қатысты

2025 жылдың 1 наурызы күні Алматы қаласының Алмалы ауданындағы "Астана" алаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері қатысып, болашақ музыканттар азаматтық қорғау қызметтерінің қызметімен танысуға, олардың техникалық жабдықталуын зерделеуге және практикалық сабақтарға қатысуға мүмкіндік алды. Тренинг барысында студенттер алғашқы көмек көрсетудің негізгі дағдыларын, Төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарды, сондай-ақ эвакуациялау және жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету алгоритмдерін игерді.

Сонымен қатар, іс-шараның барлық қатысушылары үшін азаматтық қорғау қызметтерінің өрт сөндіру және құтқару техникасы, жабдықтары  көрмесі, сондай-ақ құтқарушы мамандығының мүмкіндіктерін практикалық көрсету ұйымдастырылды. Сондай-ақ қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауға және халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындауға бағытталған оқу тренингтері өткізілді. Студенттердің осы іс-шараға қатысуы олардың азаматтық қорғаныс туралы ой өрістерін кеңейтіп қана қоймай, төтенше жағдайларда өмірлік маңызы бар құнды білім мен практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік берді.

 WhatsApp Image 2025-03-03 at 10.12.25 (1).jpeg WhatsApp Image 2025-03-03 at 10.12.24.jpeg 

WhatsApp Image 2025-03-03 at 10.12.18.jpeg
Альбомдарға оралу