Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері “Jas Gala 2025” фестивалінің жеңімпаздары атанды

Алматы қаласында Jas Gala 2025 студенттік көктем шығармашылық фестивалінің гала-концерті өтті. Іс-шараны Алматы қаласының студенттері Альянсы және Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды. Фестиваль қаланың барлық жоғары оқу орындарының дарынды жастарының басын қосып, өнердің әртүрлі бағыттары бойынша өзін-өзі танытуға мүмкіндік берді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері фестивальге белсенді қатысып, кәсіби шеберлік пен жоғары деңгейдегі шығармашылық әлеуеттерін көрсетті.

– Аспаптық орындау бағыты бойынша Мұнайтпас Ерқанат, Айдарбеков Айтас және Майлы Нұржан «Жоғары кәсіби музыканттар» номинациясы бойынша дипломдармен марапатталды.
– Сәкен Дәулет «Аспаптық орындаушылық» номинациясы бойынша III орынды иеленді.
– Вокал бағыты бойынша Рысбек Асқар даралығын көрсетіп, I дәрежелі дипломды иеленді.
– Театр өнері бағытында Консерваторияның «Дебют» театралдық клубының «Эпидавр» студенттік театры да жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, III орынға лайық деп танылды.

Студенттерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!


Альбомдарға оралу