Menu HELPDESK

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар мұражайына экскурсияға барды

2025 жылдың 27 ақпан күні Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты жөніндегі бөлім қызметкерлерінің бастамасымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері үшін Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шараға шетелдік студенттер, әлеуметтік қолдауға мұқтаж білім алушылар мен белсенділер қатысты.

Экскурсия барысында студенттер халық музыкалық аспаптарының бірегей коллекциясымен танысып, олардың тарихы және дыбыстық ерекшеліктері, қазақ мәдениетіндегі маңызы туралы мәліметтерге қанықты. Мұражай қызметкерлері сирек кездесетін жәдігерлерді көрсетіп, тіпті кейбір аспаптардың дыбысын естіртті.

Мұндай іс-шаралар студенттерге Қазақстанның музыка мұрасын тереңірек түсіндіріп, көзқарастарын кеңейтуге және студенттер қауымдастығы ішіндегі байланыстарды нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз. Іс-шараға атсалысқан барлық қатысушыларға ұлттық мәдениетке деген қызығушылық білдіргені үшін алғыс айтамыз!

WhatsApp Image 2025-03-03 at 10.32.12.jpeg  WhatsApp Image 2025-03-03 at 10.32.22.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-03 at 10.32.22 (1).jpeg
Альбомдарға оралу