Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері «Жансая» дағдарыс орталығында қайырымдылық концертін өткізді
14 наурыз 2025
Наурызнама мерекесі аясында, Көрісу күні мен Қайырымдылық күніне орай, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттері «Жансая» дағдарыс орталығына концерттік бағдарламамен барды.
Әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты қызметі демеушілерді тарта отырып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Орталықта тұратын балаларға киім-кешек сатып алынып, студенттер оларға қолдау мен ықыластың белгісі ретінде сыйлықтар тарту етті. Сонымен қатар, Көрісу күніне орай болашақ музыканттар орталық тұрғындарына арнап концерт қойып, мерекелік көңіл-күй мен жылы қарым-қатынас сыйлады. Консерватория гуманизм, өзара көмек және мұқтаж жандарды қолдау құндылықтарын насихаттай отырып, қайырымдылық дәстүрін жалғастыруда.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024