Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттік театр клубы III Республикалық "Студент және Сахна"байқауының финалында сәтті өнер көрсетті
3 наурыз 2025
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттік театр клубы III Республикалық "Студент және Сахна"байқауының финалында сәтті өнер көрсетті.
3 наурыз күні «Жас Сахна» театрында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен «Студент және сахна» студенттік театрларының III Республикалық байқауының финалы өтті. Байқау ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы мен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды.
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттік театры актерлік шеберлігі мен сахналық мәнерді жоғары деңгейде көрсетіп, оқу орнымыздың абыройын асқақтатты. Қойылымда Әлия Молдағұлованың жауынгерлік образын барынша ашып, оның өз еліне деген батылдық пен адалдықтың жарқын үлгісін шебер бейнелеп берді.
Сахнада патриотизм тақырыбын қозғаған болашақ әртістер көрермендерді бейжай қалдырмады.
Клубтың көркемдік жетекшісі әрі үйлестірушісі – әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Айдос Тоқтағұл, режиссері – аталған кафедраның аға оқытушысы Қаршыға Дандағариев.
Байғауда өнер көрсеткен студенттерімізді сәтті қойылыммен құттықтап, алдағы уақытта толағай табыстар мен шабыт тілейміз!

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024