2025 жылғы 26 наурызда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған тақырыптық кездесу өтті
26 наурыз 2025
2025 жылғы 26 наурызда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған тақырыптық кездесу өтті.
Іс-шараға ардагерлер, «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорының өкілдері, консерватория студенттері мен оқытушылары қатысты.
Кездесудің құрметті қонағы биыл 100 жасқа толатын Ұлы Отан соғысының ардагері Белазёров Владимир Дмитриевич болды. Онымен бірге тыл еңбеккері Белова Тамара Ивановна да сөз сөйледі. Ардагерлер соғыстың ауыр жылдары, Отан үшін күрескен батырлардың ерлігі мен қайсарлығы туралы естеліктерімен бөлісті.
Іс-шараны консерваторияның әлеуметтік-тәрбие жұмысы және жастар саясаты қызметі ұйымдастырды. Оның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухты тәрбиелеу, батырлық өткенге деген құрмет сезімін қалыптастыру, сондай-ақ соғыс жылдарында көрсетілген ерлік пен жанқиярлықтың маңызын түсіндіру.
Ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында студенттер әскери тақырыптағы музыкалық шығармалардан концерттік бағдарлама дайындады. Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Құлданов Наурыз Талғатұлы ардагерлерге бүгінгі бейбіт өміріміз үшін алғыс білдірді.
Осындай кездесулер халқымыздың ұлы ерлігін еске салып, тарихи жадымызды сақтауға және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге көмектеседі.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024