Menu HELPDESK

2025 жылғы 28 наурыз күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жатақханасында студенттердің тұратын бөлмелерінде тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Тазалық сақтау – салауаттылық белгісі» байқауы ұйымдастырылды

2025 жылғы 28 наурыз күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жатақханасында студенттердің тұратын бөлмелерінде тазалық пен тәртіп мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Тазалық сақтау – салауаттылық белгісі» байқауы ұйымдастырылды.

Іс-шараның ұйымдастырушылары - Әлеуметтік- тәрбиелік жұмыстар және жастар саясаты қызметі және жатақхана мәселелері бойынша студенттік кеңес. Байқау аясында бөлмелердің жағдайына кешенді тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша ең таза және ұқыпты бөлмелер анықталып, олардың тұрғындары жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарға салтанатты түрде дипломдар мен бөлмелерінде пайдалану үшін заманауи тоңазытқыштар табыс етілді.

Байқауда ерекше жетістікке жеткен студенттерді шын жүректен құттықтаймыз және жатақханада тазалық пен жайлылықты сақтау мәселесіне жауапкершілікпен қарайтын барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! 

 

 

 
Альбомдарға оралу