Menu HELPDESK

26 ақпанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Райымбек Даулбаевты қолдау мақсатында қайырымдылық концерті өтті

Бұл кеште студенттер бірлік пен мейірімділікті көрсетіп, «Райымбек, сен жалғыз емессің!» деген басты үндеуді жеткізді. Музыка бәрімізді біріктіріп, үміт сыйлап, жас музыкантқа денсаулығы үшін күресте қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. 

Райымбекке шұғыл түрде Оңтүстік Кореядағы Soon Chun Hyang клиникасында ем алу қажет. Кез келген қолдау – бұл жай ғана көмек емес, бұл үміт, сенім, музыкаға қайта оралу мүмкіндігі. 

Диагноз: 3 кезең, аралас герминогендік ісік.

Бұл кешке қатысып, Райымбекті қолдап жатқан барша жандарға алғысымызды білдіреміз!

     
Альбомдарға оралу