Menu HELPDESK

26 ақпанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Үлкен залында ректор Гаухар Тасбергенованың студенттермен кездесуі өтті

Кездесу ашық диалог форматында ұйымдастырылып, әр студент өз сұрақтарын қойып, университет басшылығынан тікелей жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Талқылау барысында білім беру процесі, әлеуметтік белсенділік, кәсіби даму мүмкіндіктері және басқа да маңызды тақырыптар қозғалды.

Кездесуге консерваторияның проректорлары да қатысты:   Гүлнар Абдрахман – академиялық мәселелер жөніндегі проректор, Айзада Нусупова – ғылыми-инновациялық қызмет, шығармашылық даму және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректор, Наурыз Құлданов – тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор.

Мұндай кездесулер студенттер мен әкімшілік арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті дамытуға, студенттік бастамаларды қолдауға және оқу орнындағы өмірді байытуға ықпал етеді.

Белсенді талқылауға қатысқан барша студенттерге алғысымызды білдіреміз!

WhatsApp Image 2025-03-03 at 10.26.34 (2).jpeg WhatsApp Image 2025-03-03 at 10.26.36.jpeg

WhatsApp Image 2025-03-03 at 10.26.34 (3).jpeg
Альбомдарға оралу