Menu HELPDESK

Science Café алғаш рет консерваторияда өтеді


2024 жылдың 8-12 сәуірін аралығында консерваторияда алғаш рет «Музыкалық өнер мен білім берудегі тұлға, дәстүр, мәдениет» атты ғылым апталығы өтпек. Ауқымды іс-шара аясында «Креативтік экономика. Заманауи нарықта өнер өнімдерін жылжыту» атты Science Café өтеді.

Іс-шарада ғылым, жобалық қызмет және бейресми қарым-қатынас негізінде креативті индустриялар тақырып аясында өзекті мәселелерді талқылау жоспарлануда. Сонымен қатар іс-шара креативті жастар арасындағы нетворкингі жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың өсуіне, студенттердің жаңа ынтымақтастығына және соның салдарынан стартаптардың пайда болуына ықпал етеді.

Консерваториядан басқа Science Café-ге Халықаралық және бизнес-бағыттағы жоғары оқу орындары да қатысады. Олар: К. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті (UIB) және SDU University.

БАҒДАРЛАМА

 

Альбомдарға оралу