Menu HELPDESK

Абайдың 180 жылдығы, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының 30 жылдығына арналған волейболдан достық кездесу

2025 жылғы 5 сәуір күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Өнер факультетінің студенттері мен қызметкерлері арасында волейболдан достық кездесу өтті. Спорттық іс-шараны Абайдың 180 жылдығына, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының 30 жылдығына орай Қазақ ұлттық консерваториясының әлеуметтік- тәрбие жұмысы және жастар саясаты қызметі ұйымдастырды.

Турнир барысында консерватория студенттерінен құрылған команда жоғары дайындық деңгейін көрсетіп қана қоймай, командалық рухты нығайта отырып, ІІІ орынға ие болды.

Сондай-ақ, шара аясында екі жоғары оқу орнының қызметкерлері арасында достық кездесу өтті. Қазақ ұлттық консерваториясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Әміре Шалбарбаев ерекше көзге түсіп, «Үздік ойыншы» атағына ие болды.

Осындай іс-шаралар оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, жастар мен оқытушылар құрамының денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыруға және спорттық мәдениетті дамытуға ықпал ететіні сөзсіз.

 

  

 

Альбомдарға оралу