Menu HELPDESK

Қазақ балетінің 90 жылдығына арналған арт-альбом



Консерваторияның арт-менеджмент кафедрасының доценті Дамир Уразымбетов пен докторант Тоғжан Молдалім Абай атындағы ҚазҰОБТ-да «Қазақ балетіне 89 жыл» арт-альбомын ұсынды. Альбом Нұрсұлтан Назарбаев қорының гранты есебінен қаржыландырылған және онда Қазақстанның музыкалық театрлары мен хореографиялық труппаларында қойылған барлық ұлттық спектакльдердің көріністері көркем түрде бейнеленген. 65 түрлі-түсті картиналардың суретшісі – Жаннат Баймуханова, кітаптың дизайнері — Гузель Нуримбетова.

Альбом еліміздің мәдени мұрасын жүйелеуге және бүкіл әлемге таныстыруға үлкен үлес қосады. Кітап үш тілде құрастырылған және спектакльдердің қысқаша сипаттамасын, премьера күндерін және балет ұжымдары туралы ақпаратты қамтиды.

Тұсаукесерге көрнекті мәдениет және ғылым қайраткерлері Людмила Рудакова, Бақыт Қайырбеков, Нұрбақыт Бөкебаев, Альмира Наурызбаева, Гүлнар Әбікеева, Биргит Бёймерс (Германия) және т. б. қатысып, альбомның жоғары сапасын, ауқымдылығы мен өзектілігін атап өтті. Тұсаукесерден бөлек, театр фойесінде альбомдағы суреттер көрмесі өтті.

Кітаппен Құрманғазы атындағы ҚҰК кітапханасында танысуға болады.









Альбомдарға оралу