Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Жасыл ел» бағдарламасына қатысатын студенттері «Green Point» атты экологиялық көрмеге белсене қатысты
5 маусым 2025
Көрмеде қайта өңделген пластиктен жасалған экологиялық бұйымдар ұсынылды. Бастаманың негізгі мақсаты — қоғамда экологиялық сананы және тұтынушылық мәдениетті дамыту.
Сонымен қатар, студенттеріміз қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамыту мәселелеріне назар аудартуға бағытталған «Eco Qadam» экологиялық акциясына қатысты. Акция аясында қатысушылар ЭкоХабтың жұмыстарымен танысып, экологиялық тұрақтылық саласындағы білімдерін кеңейтті.
Айта кетерлігі, биыл алғаш рет консерватория студенттері «Жасыл ел» бағдарламасы аясында құрылыс және экологиялық жасақтардың құрамына кірді. Жазғы демалыс кезінде олар Алматы қаласын көгалдандыру мен абаттандыруға өз үлестерін қосатын болады.
Мұндай бастамалар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа деген саналы көзқарасты дамытуға ықпал ететіні сөзсіз. Қоршаған ортаны қорғау — баршамыздың ортақ әрі күнделікті міндетіміз, ал студенттер бұл іске үлкен жауапкершілікпен қарайды деген үміттеміз.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025