Freedom Bank мамандарының қолдауымен қаржылық сауаттылық тақырыбында семинар өтті
6 қараша 2024

2024 жылғы 6 қараша күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Freedom Bank мамандарының қолдауымен қаржылық сауаттылық тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға қазіргі заманғы қаржылық тәуекелдер мен олардың алдын алу әдістері туралы білімін жетілдіргісі келген консерваторияның қызметкерлері, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер қатысты.
Банк мамандары жеке мәліметтерге қол жеткізу үшін қаскөйлер қолданатын фишинг және әлеуметтік инженерия сияқты цифрлық дәуірде жиі кездесетін қаржылық алаяқтық схемалары туралы айтып берді. Қатысушыларға жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы мен көп деңгейлі аутентификацияны, соның ішінде екі факторлы және биометриялық аутентификацияны қолдану арқылы тәуекелдерді барынша азайту жолдары түсіндірілді.
Банк мамандары жеке бюджетті дұрыс басқарудың және күтпеген жағдайлар үшін резервтік қор құрудың маңыздылығын атап өтіп, қаржылық жоспарлау мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Семинарда ақшаны сауатты жинақтау және үнемдеу негіздері де талқыланды. Лекторлар қаражатты депозитте сақтау - сенімді тәсілі ретінде қарастырып, қаржылық құралдарды әртараптандырудың тәуекелдерді азайтуға және табыстылықты арттыруға мүмкіндік беретінін айтты. Кредиттеу шарттары туралы әңгіме барысында семинарға қатысушылар ипотекалық және тұтынушылық несиелерін рәсімдеу кезінде өз мүмкіндіктерін қалай бағалау керектігін, пайыздық мөлшерлемелердің қалай жұмыс істейтінін және кредиттік тарихқа әсер ететін факторларды білді.
Семинардың соңғы бөлігі онлайн-қорғаныс мәселесіне арналды. Сарапшылар онлайн-транзакциялар кезінде қаржылық жоғалтулардың алдын алу бойынша кеңестер беріп, күдікті сайттарды және фишингтік хабарламаларды қалай тануға болатынын түсіндірді.
Жалпы, семинар пайдалы әрі ақпаратқа толы болып, қатысушыларға жеке қаражаттарын қорғау және қаржыларды сауатты басқару үшін қажетті білім берді.

Қабылдау 2025