«Алматы студенттер альянсы» корпоративтік қоры мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
13 ақпан 2025
13 ақпан күні «Алматы студенттер альянсы» корпоративтік қоры мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Бұл оқиға студенттік бастамаларды дамыту мен дарынды жастарды қолдаудың маңызды қадамы деуге болады. Консерваториясының ректоры Гаухар Тасбергенова орнатылған ынтымақтастықтың маңыздылығын айтып, студенттердің білім алуы мен шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейтудегі рөлін атап өтті. «Алматы студенттер альянсы» корпоративтік қорының директоры Жасұлан Қуандық білім алушыларды жан-жақты қолдауға бағытталған бірлескен жобалардың сәтті жүзеге асырылатынына сенім білдірді. Консерваториясының академиялық мәселелер жөніндегі проректор Гүлнар Әбдірахман, тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Наурыз Құлданов, сондай-ақ ғылыми-инновациялық қызмет, шығармашылық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректордың м.а. Айзада Нусупова жылы лебіздерін арнады.
Меморандумның маңызды аспектілерінің бірі — Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы атынан ресми омбудсмен тағайындау. Аталмыш қызметті Халық музыкасы факультетінің бірінші курс студенті Нұржан Жәрімбетов өз міндетіне алды. Жиынға қатысушылар сайланған уәкіл тапсырылған жұмысты орындайтынына, студенттік бастамаларды табысты іске асыратынына сенім артты.
Бұл меморандум студенттерге жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың кәсіби қалыптасуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауына, сондай-ақ академиялық және мәдени қоғамдастыққа интеграциялануына ықпал ететіні сөзсіз.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2024