Menu HELPDESK

Консерватория оқытушылары Италияда тағылымдамадан өтуде


  Халықаралық бағдарламалар орталығы Мемлекет басшысының әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін, ғалымдарға 500 грант бөлу туралы тапсырмасын орындау мақсатында, «500 ғалым» ғылыми тағылымдамалар бағдарламасына қатысуға конкурстық іріктеу өткізді.

Консерватория оқытушылары — Айжан Бекенова, Камила Есдәулетова, Әйгерім Оспанова және Баян Игілік конкурстан сәтті өтіп, қазіргі таңда Libera Accademia di Belle Arti di Firenze (Флоренция, Италия) жоғарғы оқу орнында, 4 наурыз 31 мамыр аралығында тағылымдамаға қатысуда.

Мемлекет тағылымдамадан өтушілерге тағылымдаман өтулеріне, екі жаққа ұшу шығындарын, сондай-ақ медициналық сақтандырулары мен ай сайынғы стипендиясын өз мойнына алды. Стипендияның мөлшері қаладан және белгілі бір елдегі өмір сүру деңгейінен әр түрлі санды құрайды.





Альбомдарға оралу