Menu HELPDESK

Консерваторияның 80 жылдығына арналған камералық музыка концерті өтті

2024 жылдың 6 ақпанында Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған камералық музыка концерті өтті.

Концертте Халықаралық байқаулардың лауреаттары, консерватория ұстаздары - Майа Сепп (фортепиано) пен Еркебұлан Сапарбаев (скрипка) өнер көрсетті.

Концерттік бағдарламада В.А.Моцарттың Скрипка мен фортепианоға арналған 18 соль мажор KV 301 сонатасы, Ф. Шуберттің Скрипка мен фортепианоға арналған до мажор D.934 фантазиясы және Л.Ван Бетховеннің Скрипка мен фортепианоға арналған «Kreutzer» 9 ля мажор ор. 47 сонатасы орындалды.


Альбомдарға оралу