Menu HELPDESK

“Love is a flame” атты концерт болып өтті


2024 жылдың 15 сәуірінде Е.Рахмадиев атындағы концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай “Love is a flame” атты концерт болып өтті.

“Хормен дирижерлеу” мамандығы бойынша XVI Республикалық орта оқу орындарының студенттері арасындағы өтетін кіші олимпиада аясында өткізілген концерттік кеште қазақ эстрадасының ретро хиттері атап айтсақ, атақты композиторлар Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Нұрғиса Тілендиевтің туындылары және ВИА “Дос Мұқасан” орындауындағы әндермен қатар шетел композиторларының әндері де орындалды.

Альбомдарға оралу