Николай Плотниковтың мастер-класcы өтті
24 ақпан 2025

24 ақпанда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының конференц-залында Мәскеу флейта орталығының көрмесі және орталықтың директоры, үрмелі аспаптарды жөндеу жөніндегі маман Николай Плотниковтың мастер-класcы өтті.
Шара студенттер үшін өте пайдалы және нәтижелі болды. Николай Плотников флейтаға күтім жасау және оны жөндеу бойынша құнды білімдерімен бөлісіп, аспаптың сапалы дыбысын сақтауға көмектесетін маңызды техникалар туралы айтты.
Мәскеу флейта орталығына және Николай Плотниковқа осы ерекше тәжірибе үшін алғысымызды білдіреміз!


Қабылдау 2024