Menu HELPDESK

Раушан Байсейітқызы «Ғылыми мектептің негізін салушы» деген құрметті атаққа ие болды


Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті, философия ғылымының докторы, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының педагогикалық ғылымдар кандидаты Шыңдаулова Раушан Байсейітқызына Ресей Жаратылыстану Академиясы «Ғылыми мектептің негізін салушы» деген құрметті атақ берді.

Ғылыми мектеп «Ноогуманизм – қазіргі заманның жаңа дүниетанымдық парадигмасы» деп аталады. Құрметті атақпен қатар Раушан Байсейітқызы Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспондет мүшесі ретінде қабылданды. Бұған дейін Р.Шыңдаулова Ресей Жаратылыстану Академиясы тарапынан академия профессоры, Ғылым және білім беруге еңбегі сіңген қайраткер атағын алып, В.И. Вернадский медалімен марапатталған.         

Раушан Байсейітқызын қос бірдей қуанышымен құттықтаймыз! Алда тек шығармашылық табыс, биік кәсіби жетістіктер мен қажымас қайрат тілейміз!


Альбомдарға оралу