Ректор Гаухар Тасбергенова курстар мен топтардың кураторларымен кездесу өткізді
6 қараша 2024

2024 жылғы қарашаның 6 күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Тасбергенова Гаухар Қошқарбекқызы курстар мен топтардың кураторларымен кездесу өткізді.
Мақсаты — кураторлар жұмысының негізгі бағыттарын талқылап, студенттердің үлгерімі мен әл-ауқатын қамтамасыз етудегі олардың рөлін нығайту.
Кездесу барысында студенттердің академиялық және тұлғалық өмірін қолдауда маңызды рөл атқаратын кураторлардың жауапкершілігі мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Білім алушылардың жатақханалардағы тұрмыс жағдайлары мен қауіпсіздігі мәселелері де көтерілді. Гаухар Қошқарбекқызы жатақханаларда студенттер үшін қолайлы әрі қауіпсіз ортаны қалыптастыру қажеттілігін атап өтіп, олардың тұрмыс жағдайларын тұрақты бақылап отырудың маңыздылығына тоқталды.
Студенттерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мәселесі күн тәртібінде басты мәселелердің біріне айналды. Оларға оқу және оқудан тыс іс-шараларда қолдау көрсету, сондай-ақ қиын жағдайларда кәсіби көмек беру қажеттілігі талқыланды. Қазіргі қоғамда психологиялық денсаулық мәселесі өзекті мәселелер қатарында тұрғандықтан, жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу проблемасына ерекше көңіл бөлінді. Ректор мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін консерватория қабырғасында қолдау жүйесін құру бойынша қосымша шаралар қолданатынын мәлімдеді.
Кездесу барысында, ректор білім алушылармен тәрбие және профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған профессор-оқытушылар құрамымен және топ кураторларымен түсіндірме әңгіме өрбітті. Этносаралық қатынастарды нығайту және тілдік толеранттылықты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылу туралы тапсырмалар берілді.
Кездесу соңында Гаухар Қошқарбекқызы сапалы кураторлық жұмыстың білім беру ортасының табысты болуына ықпал ететін айтып, кураторлық жұмысты жетілдіру бойынша алдағы жоспарларымен бөлісті.




Қабылдау 2024