Menu HELPDESK

Рышард Жолинджевскийдің (Польша) шеберлік сағаттары өтті

 

2025 жылғы 7–11 сәуір аралығында Erasmus+ бағдарламасы аясында Вроцлав қаласында орналасқан Кароль Липинский атындағы Музыка академиясының үрмелі аспаптар, перкуссия және аккордеон кафедрасының меңгерушісі, саксофоншы Рышард Жолинджевский (Польша) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына жұмыс сапарымен келді.

 

2025 жылғы 9 сәуірде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Erasmus+ бағдарламасы аясында Р. Жолинджевскийдің «Саксофоншының орындаушылық техникасын жетілдірудің заманауи әдістері» тақырыбында лекциясы өтті.

Төрт күн бойы ол ол дыбыс шығару, тыныс алу техникасы, музыкалық фразировка және интерпретация мәселелеріне ерекше ден қойып, «Аспаптық орындаушылық» БББ (Саксофон) студенттерімен жұмыс жүргізді. Қатысушылар педагогтың жоғары кәсібилігіне тәнті болып, талапшылдығы мен сынып шеңберінде шабыттандыратын жылы атмосфера орната білуін ерекше атап өтті.

10 сәуір күні Р. Жолинджевский Түркі халықтарының музыкасына арналған Алғашқы халықаралық симпозиумның өткеніне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Қазіргі музыкалық түркітану: мәселелері мен келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Саксофон музыкасының заманауи орындаушылық техникалары» тақырыбында баяндамасын ұсынды.

Консерватория ұжымы профессор Р. Жолинджевскийге студенттерге ұмытылмас тәжірибе мен эмоция сыйлаған сапары үшін, сондай-ақ К. Липинский атындағы Музыка академиясына ынтымақтастық үшін алғыс білдіреді.

         

Альбомдарға оралу