«Жасыл ел» бағдарламасы мен «Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық кампаниясы аясында студенттер Сайран көлінің маңында өткен сенбілікке шықты
21 маусым 2025
Іс-шараға қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосу мақсатында студенттер мен еріктілер белсенді түрде қатысты. Акцияға қатысушылар қоқыс жинап, жағалауды ретке келтіріп, демалушыларға табиғатты аялаудың маңыздылығы туралы айтып жеткізді.
Мұндай шаралар жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы көгалдандыру және қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытындағы бастамаларды қолдап, алдағы уақытта да осындай жобаларға қатысуды жалғастыруды жоспарлап отыр.
«Таза ел — өзімізден басталады!» деген ұранмен өткен бұл күн табиғатқа деген қамқорлық пен бірліктің белгісіне айналды.

Альбомдарға оралу

Қабылдау 2025