Menu HELPDESK

Альт музыкасының концерті

16 мамыр
18:00
Кіші зал
16 мая 18.00 МЗ каз..png

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы Кіші залында альт музыкасының концерті өтті.

«Ішекті аспаптар» кафедрасы ұйымдастырған шара барысында Аружан Әбілсейіт (доцент Н.Е.Сағымбаевтың сыныбы), Аида Жарылқап (доцент Д.Е.Махмұдтың сыныбы) және Ақмарал Сүният (доцент А.С.Бекенованың сыныбы) өз өнерлерін ортаға салды. Елена Шалкова мен Жанель Әбдіқадырова фортепианода сүйемелдеп, шеберліктерімен көрерменнің де орындаушылардың да көңілінен шықты. Концертте қазақ және еуропалық композиторлардың шығармалары орындалды.

Альт музыкасының концертіне жиналған көпшілік шығармашыл жастардың кәсіби шеберлігіне тәнті болып, ризашылықтарын білдірді. Жалпы кеш көпшілікке керемет әсер сыйлап, залға жиналғандар көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.



вернуться к списку концертов